Мүмкіндік мол

lat: Múmkindik mol

Белгілі бір шараны, істі жүзеге асыруға жағдай жасалды, кедергілер көрінбейді, әдіс-жолдары баршылық деген мағынада.

Нұрсұлтан Әбішұлының “Еуразия жүрегінде” кітабын оқып шыққаннан кейін бір емес, бірнеше елдердің өзара ынтымақтастық пен мүдде бірлігінде өмір сүруге мүмкіндіктері мол екенін түйсіндік («Егемен Қазақстан»). Ал “шекеден қарап” көздің қиығымен өкшені көруге тырысудан көздің айналасына, шекеге, жалпы бетке қан жақсы жүреді, жүйке жүйесінің тарамдары жанданады. Міне, осының нәтижесінде көздің айналасына, бетке әжім түспейді, бес уақыт намаз сайын осы жағдай қайталанатындықтан, бет қызылшырайланып, өңді болып көріну мүмкіндіктері мол болады. Көздің көру, кұлақтың есту қабілеттері сақталады («Егемен Қазақстан»).